Еуропалық одақ Ресейге қарсы кезекті санкциялар пакетін қабылдады

Сурет: pix4free
Еуропалық одақ Ресей, Қытай және Солтүстік Корея флоттары мен компанияларына бағытталған Ресейге қарсы 15-санкциялар пакетін қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжат Еуропалық одақ кеңесінің ресми сайтында жарияланды. Онда аталған санкциялардың кезекті жиынтығы Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешеніне бағытталғаны нақтыланады.

Тізімде 54 жеке және 30 заңды тұлғалар көрсетілген. Оның ішінде Солтүстік Кореяның екі шендісі де бар. Заңды тұлғалар қатарына алғаш рет ұшқышсыз ұшу аппараттары мен микроэлектрондық компоненттерді тасымалдаушы қытайлық компаниялар да еніп отыр.

Сондай-ақ, шектеулер басқа елдердің 52 танкерін де қамтып отыр, енді олар порттарға кіруге тыйым салынып, теңіз тасымалымен байланысты қызметтердің кең спектрінен қағылатын болады.

Қытай, Үндістан, Иран, Сербия және БАӘ компанияларына сауда шектеулерін айналып өтті деген айып тағылады, сол себепті ЕО тарапынан оларға қатаң экспорттық шектеулер қолданылады.

Санкциялар Еуропалық Одақтың ресми журналында жарияланғаннан кейін күшіне енетіні де нақтыланады. 

2024 жылдың қарашасында Ұлыбритания Ресей әскери-өнеркәсіптік кешеніне қарсы жаңа санкциялар енгізілгенін жариялады. Атап айтқанда, тізімге бірнеше қазақстандық компаниялар да енді.

Ресей
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды