"Мен қашқан жоқпын". Башар Асад елінен кеткеннен кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Сурет: Башар Асадтың кеңсесі
Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад елден кетуді алдын ала жоспарламағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Осылай басталатын оның мәлімдемесі бұрынғы мемлекет басшысы кеңсесінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

"Мен жоспарлы түрде Отанымды тастап, қашып кеткенім жоқ. Бірақ солай көрсеткісі келіп жатқандар бар.  Көтеріліс болып жатқан соңғы сағаттарда да елден кетпедім. 8 желтоқсанның таңына дейін өз міндеттерімді орындап, Дамаскіде болдым... Осы оқиғалар барысында менің, сол секілді басқалар тарапынан да саяси баспана беру немесе отставкаға кету туралы мәселе көтерілген жоқ", - деді ол.

Саясаткердің айтуынша, ол қарулы оппозиция күштері қалаға бастап-көктеп кіргеннен кейін ғана астанадан кеткен. Ол Латакияға сапар шегіп, сол жерден жауынгерлік операцияларды бақылауды жоспарлаған. Бірақ Ресейдің Хмеймим әуе базасына келіп жеткенде ол Дамаскінің құлағанын естиді.

"Мәскеу база қолбасшылығынан мені 8 желтоқсанда кешке Ресейге жедел эвакуациялауды ұйымдастыруды талап етті. Бұл Дамаск құлағаннан кейін бір күн өткен соң болды", - деп атап өтті Асад.

Бұрынғы президент өзінің халқы мен армиясынан бас тартпағанын және елден кетуіне Сирия Қарулы күштеріндегі аласапыран мен мемлекеттік институттардың тоқырауы түрткі болғанын атап өтті. Сондай-ақ ол "террористер" билікті басып алғаннан кейін президенттің елде қалуы мағынасыз болатынын нақтылады.

Естеріңізге сала кетейік, қараша айының соңынан бастап қарулы топтар Сирияның бірнеше ірі қалаларын басып алды, соның ішінде Дамаскіге де баса-көктеп кірді. Сегізінші желтоқсанда мемлекеттік теледидар эфирінде оппозиция өкілдері ел билігіне келгендерін мәлімдеді. Президент Башар Асад, Ресей СІМ мәліметтері бойынша, қақтығыстың кейбір қатысушыларымен келіссөздер жүргізді, оның барысында ол қызметінен кетуге шешім қабылдады әрі елден кетті. Кейінірек Асадтың отбасы мүшелерімен бірге Ресей астанасына келіп-жеткені, оған гуманитарлық себептермен саяси баспана берілгені белгілі болды. 

Асад Башар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Шерзат Полаттың әкесі ауруханаға жеткізілді

"Дарын" жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды

Ұлттық банк теңге бағамына қатысты жаңа мәлімдеме жасады

Тоқаев Жазушылар одағының жаңа төрағасы Мереке Құлкеновті қабылдады

Шымкентте қызғаныштан әйелін буындырып өлтірген ер адам сотталды