Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Сурет: X/laohu0418
Қытайда 2024 жылдың 17 желтоқсанында ұрлық пен пара үшін кінәлі деп танылған шенеунік Ли Цзяньпиннің өлім жазасы орындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС дерегінше, Ли Цзяньпин Хух-Хото қаласының техникалық-экономикалық даму аймағының жұмыс комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді (Ішкі Моңғолия автономиялық ауданының әкімшілік орталығы, Солтүстік Қытай). Ол ұрлық пен пара алу арқылы 3,06 миллиард юань (шамамен 426 миллион доллар) қаражатты заңсыз иемденді деп айыпталды.

Пара алу мен ұрлаудан басқа, сотталушыға "заңсыз және қылмыстық әрекеттерге жол берді" деген айып тағылды. Оның барлық жеке мүлкі тәркіленді.

Ли Цзяньпинді сот 2022 жылы өлім жазасына кесті. Ол апелляциялық шағым түсіргенімен 2024 жылдың тамызында өлім жазасы күшінде қалды.

Сотталушы бақилыққа аттанар алдында өзінің жақын туыстарымен кездесті.

Бұған дейін Иран президентінің хиджабқа қатысты жаңа заңға вето қойғандығы хабарланған болатын.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз