Индонезия БРИКС-тің толыққанды мүшесі атанды

Сурет: pixabay
6 қаңтардан бастап Индонезия БРИКС құрамына ресми түрде кірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Бразилия СІМ баспасөз қызметі хабарлады. 2025 жылы Бразилия аталған ұйымды басқарады.

"Бразилия үкіметі 6 қаңтарда Индонезия Республикасының БРИКС-ке толық мүше ретінде ресми түрде тіркелгенін хабарлайды", - деп хабарлады ведомстводан.

Қауымдастық мүшелері Индонезияның кандидатурасын 2023 жылдың тамызында Йоханнесбург саммитінде мақұлдағаны белгілі, бірақ президенттік сайлау өткізілгенге дейін оны қабылдауды бір жылға кейінге қалдырған болатын.

Бразилия СІМ Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең көп халқы бар  әрі ең ірі экономикаға ие Индонезия ұйымның талаптарына толық сәйкес келетінін және Жаһандық оңтүстіктегі ынтымақтастықты тереңдетуге оң үлес қосатынын атап өтті.

1 қаңтардан бастап Индонезия және тағы бірнеше ел, соның ішінде Беларусь, Қазақстан және Өзбекстан БРИКС серіктестері мәртебесіне ие болды. Өткен жылы ұйымға Мысыр, Иран, БАӘ және Эфиопия елдері қосылды. 1 қаңтарда Пәкістан мен Үндістан өздерінің ядролық активтерінің тізімдерімен алмасты. Бұл шара олардың бір-бірінің ядролық қондырғыларына шабуыл жасауына тыйым салатын екіжақты келісім аясында болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды