Трамп таяу уақытта Путинмен телефон арқылы сөйлеспекші

Сурет: wikimedia
АҚШ-тың президенттік сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп ресми түрде қызметке кіріскеннен кейін Ресей президенті Владимир Путинмен телефон қоңырауы арқылы сөйлесуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

СNN ақпаратынша, қоңырау мақсатының бірі Украинадағы жағдайды шешу үшін жоспарланған кездесуді талқылау.

Трамп ресми түрде президенттікке ант бергеннен кейін бір күннің ішінде қақтығысты тоқтатуға уәде берген болатын. Бірақ, басылым ол бұл уәдені бұзады деп болжап отыр. Әзірге Трамп пен оның командасы президенттіктің алғашқы айларында, соның ішінде Путинмен тікелей келіссөздер барысында туындауы мүмкін мәселелерге дайындалуда.

Трамптың ұлттық қауіпсіздік тобының өкілдері бірнеше апта бұрын Путинмен телефон арқылы сөйлесуге дайындала бастаған болатын. Бірақ, қоңыраудың нақты күні әзірге белгісіз.

Сондай-ақ, CNN Кремльдің бұл ақпаратқа қатысты әлі түсініктеме бермегенін атап өтті.

Бұған дейін Трамп Путинмен кездесу өткізетінін хабарлаған болатын. 2024 жылдың қарашасында БАҚ Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуді талқылағанын хабарлады. Бірақ кейінірек Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков екі президенттің сөйлескені туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ол сайлауда жеңіске жеткен Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың арасындағы байланыстардың нақты жоспары әзірге жоқ екенін айтты.

Ресей
АҚШ
Путин Владимир
Трамп Дональд

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді