Дональд Трамп АҚШ-тың президенті ретінде өз қызметіне кірісті

Сурет: YouTube/Donald J Trump
20 қаңтарда Дональд Трамп АҚШ-тың 47-ші президенті ретінде өз қызметіне кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыдан біраз бұрын вице-президент Джей Ди Вэнс ант беру үшін салтанатты шара орнына келіп жеткен еді.

Трамп дәстүр бойынша президенттің міндеттерін адал орындауға және АҚШ Конституциясын қорғауға ант берді. Сондай-ақ, ол өзінің алғашқы сөзінде Американың "алтын ғасыры" дәл қазір басталып жатқанын және Американы бәрінен бұрын бірінші орынға қоятынын мәлімдеді.

Ұлықтау рәсімі Капитолийде өтті. Шараға қатысушылардың қатарында Джо Байден, бұрынғы вице-президент Камала Харрис, сондай-ақ бұрынғы президенттер Барак Обама (2009-2017), Билл Клинтон (1993-2001), кіші Джордж Буш (2001-2009) және бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон да болды.

Байден бүгін Трампты Ақ үйде: "Үйге қош келдіңіз" деп қарсы алды.

АҚШ
Трамп Дональд

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы