Қытай Жаңа жылы: Димаш мерекелік фестивальде өнер көрсетті

Сурет: dimashnews.com
Қытай күнтізбесі бойынша жаңа жыл мерекесінде қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Көктем фестиваліне" қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әншінің баспасөз қызметінің дерегінше, 28 қаңтардағы шоу аспан асты елінің телеарналарында көрерменге жол тартты.

"Димаш Құдайберген қытайлық танымал орындаушылар Цзян Циньцинь, Тянь Лянь, Ю Чанцзинь, Гуан Сяотун, Чжоу Е, Керли Гао, "Teens In Times" тобымен бірге Чунциндегі ең әдемі алаңда өнер көрсетті",- делінген ақпаратта.

Сурет: dimashnews.com

"Мен бұл сахнада менің және менің елімнің қытайлық жанкүйерлеріме деген ерекше құрметінің белгісі ретінде өнер көрсетіп жатырмын". Димаш Құдайберген

Қытай Жаңа жылы – төрт мың жылдан астам тарихы бар ежелгі мереке. Ол ай күнтізбесіне сәйкес тойланады және әр жылдың басталуы қысқы күн тоқырауынан кейінгі алғашқы жаңа айға байланысты белгіленеді. Сондықтан бұл мейрам көктемнің басталуымен сәйкес келеді және Қытайда Чуньцзе ("Көктем мерекесі") деп аталады.

2025 жылы Қытай Жаңа жылы 29 қаңтарда басталып, 12 ақпанда шамдар фестивалімен аяқталады. Бұл елдегі ең басты мейрам болғандықтан, алғашқы жеті күн (29 қаңтар – 4 ақпан) Қытайда ресми түрде демалыс болып жарияланған.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Найзағай мен нөсер жаңбыр: қазақстандықтарға 8 қыркүйектегі қолайсыз ауа райы туралы ескертілді

Соболенко Рыбакинамен бірінші орын үшін таласқа қатысты пікір білдірді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстандықтардың басым бөлігі соңғы үш жылда өмір сүру жағдайының жақсарғанын байқаған – ҰТО зерттеуі

Алматыда жеке үйдің дәретханасынан ер адамның денесі табылды