Бұл сауда соғысы ма: Қытай АҚШ-тың енгізген баж салғына қалай жауап берді

Сурет: freepik
Қытай АҚШ-қа көмір мен сұйытылған табиғи газға баж салығын көбейтті. Осылайша, аспан асты елі АҚШ-тың жаңа саясатына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚХР Мемлекеттік Кеңесі жанындағы тарифтеу және жіктеу комитетінің мәлімдемесінде айтылғандай, 10 ақпаннан бастап АҚШ-тан әкелінетін кейбір тауарларға қатысты қосымша баждар енгізілуде. Атап айтқанда, көмір мен сұйытылған табиғи газға 15%-дық қосымша баж салынады. Сонымен қатар, шикі мұнайға, ауылшаруашылық техникаларына, қозғалтқыштың үлкен сыйымдылығы бар автомобильдерге және пикаптарға қосымша 10%-дық баж салынады. Бұл туралы РИА Новости жазды.

Сондай-ақ, Бейжің кейбір сирек металдармен, атап айтқанда вольфрам, теллур, висмут, молибден және индиймен байланысты тауарларға экспорттық бақылауды енгізеді.

Бұдан бөлек, Қытай Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) дауларды шешу механизміне АҚШ-тың салық шараларына шағым түсірді.

Осыған дейін Трамптың Мексика мен Канадалық импортқа 25% кедендік баж салығын, сондай-ақ ҚХР тауарларына 10%-дық тариф енгізгендігі хабарланған болатын.

АҚШ
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты