ХАМАС пен Израиль кепілген алынған тұтқындармен алмасуды жалғастыруда

Сурет: freepik
Кепілге алынған Израиль тұтқындары бар Қызыл Кресттің көліктері Газа секторының оңтүстік бөлігіндегі Хан Юнисті артқа тастап кетті. Израиль қорғаныс армиясы олардың Израиль территориясына өткенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

BBC мәліметтері бойынша, 29 жастағы Ресей мен Израиль азаматы Александр Труфванов, 36 жастағы АҚШ пен Израиль азаматы Саги Декель-Хен және 46 жастағы израильдік Яир Хорн кепілден босатылды. Олардың барлығы 2023 жылдың 7 қазанында Кибуц Нир-Озға жасалған шабуыл кезінде кепілге алынған.

Олардың орнына 369 палестиналық тұтқындар мен ұсталғандар, соның ішінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілгендер де босатылуы керек.

Соңғы рет тұтқындармен алмасу 8 ақпанда өтті. Ол кезде ХАМАС Қызыл Крестке Израильдің үш азаматын тапсырды. 2025 жылдың 19 қаңтарында Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты доғару туралы келісім өз күшіне енді. 42 күнге созылатын бітімгершіліктің бірінші кезеңінде ХАМАС барлық әйелдер мен балаларды қоса алғанда, 33 израильдікті босатты. Израиль бұған жауап ретінде босатылған әрбір азаматы үшін 30 палестиналық тұтқынды, әрбір әскери қызметші үшін 50-ін босатуға сөз берді.

Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды