Макрон Украина мәселесі бойынша шұғыл саммит өткізеді

Сурет: elysee.fr
Франция президенті Эммануэль Макрон 17 ақпанда Парижде еуропалық көшбасшылардың кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұны Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро France Inter эфирінде растады.

"Франция Президенті Парижде еуропалық қауіпсіздікті талқылау үшін Еуропаның негізгі елдерін жинайды", – деді Барро.

Саммитке Франция, Ұлыбритания, Германия, Польша, Италия, Испания және Данияның басшылары қатысады. Олар Трамп әкімшілігінің Еуропаны соғысты тоқтату туралы Ресеймен келіссөзге қатыстырмау туралы шешіміне наразы.

Жиында Вашингтонның Украина мәселесіне қатысты соңғы қадамдары талқыланады. 

Бұдан кейін Еуропа мен АҚШ арасындағы "көпір", Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Вашингтонға барып, Трампқа Париж кездесуінің нәтижелері туралы баяндайды.

Артынша еуропалық көшбасшылар Украина президенті Владимир Зеленскийдің қатысуымен тағы бір саммит өткізуі мүмкін.

Бұған дейін ХАМАС пен Израиль кепілген алынған тұтқындармен алмасуды жалғастыруда екендігі хабарланған болатын.

Ресей
АҚШ
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді