Тбилиси әуежайында Зурабишвилиге жұмыртқа лақтырды

Сурет: Instagram/salome_zourabichvili
Грузияның бесінші президенті Саломе Зурабишвилиге ел астанасының әуежайында бейтаныс адамдар шабуыл жасаған, олар бұрынғы президентке жұмыртқа лақтырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 18 ақпанда Тбилиси әуежайында Грузияның экс-президенті Мюнхеннен оралған кезде болды.

"Грузияның бірінші каналының" дерегінше, Зурабишвили полицияға шағым түсіріп, тергеуді қажет етті.

"Біз мұны соңына дейін жеткіземіз. Әрекет алдын-ала ұйымастырылған. Олардың қолынан келетін жалғыз нәрсе – қандай да бір репрессиялық шаралар қабылдау және жұмыртқа лақтыру",-деді Саломе Зурабишвили,

Оның әлеуметтік желілердегі жарияланымдарына қарағанда, Мюнхенде Зурабишвили сол жерде тұратын грузин диаспорасымен кездесті. Олармен бірге ол бүкіл әлемдегі грузиндердің әртүрлі деңгейдегі сайлау процестеріне қатысуын талқылады.

Бұған дейін Стамбулда жауған қалың қар әуе қатынасына тосқауыл қойғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада қар жауып, түнде −5°C-қа дейін суытады: Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай болады

20 қазан: Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы

Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын қашан жариялайтынын айтты

Қазақстанның бес облысында -3 градусқа дейін аяз болады

Threads арқылы концерт билеттерін сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді