Мадагаскардағы нөсер жауын мен су тасқынынан жиырма шақты адам қаза тапты

Сурет: pixabay
Мадагаскардағы нөсер жауын мен су тасқынынан 20-дан астам адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайлы 2424.mg порталы төтенше жағдайлар және табиғи апаттар басқармасына сілтеме жасай отырып, су тасқынынан шамамен 20 мың жергілікті тұрғын зардап шеккенін жазды. 

БАҚ-тың өткен аптадағы ақпаратына сүйенсек, қарғын судан ол кезде 3 адам қаза тауып, 11 мың тұрғын көмекке мұқтаж болған.  

"Дүйсенбідегі соңғы есеп бойынша, қаза тапқандар саны 22-ге дейін өсті...бүгінге дейін табиғи апаттан 19 764 тұрғын зардап шекті",- деп жазды портал. 

Қазір қауіпсіз аймаққа көшірілгендердің жалпы саны 7,3 мыңға жетті. 

Мадагаскар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді