Лондонда Зеленскийдің қатысуымен ЕО басшыларының саммиті өтті

Сурет: Владимира Зеленский 2 telegram-арнасы
2025 жылдың 2 наурызында Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ақ үйдегі Дональд Трамппен болған даулы кездесуінен кейін Еуропа елдерінің басшылары онымен кездеспек болып Лондонға жиналды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ABC News дерегінше, Зеленский АҚШ-тағы сәтсіз сапарынан кейін еуроодақтан қолдау күтіп отыр.

Саммиттен кейінгі баспасөз мәслихатында Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер "барлық еуропалық елдер бейбіт келісімге қол жеткізуге және "кейбір міндеттерді өздерніе алуға" үлес қосуы керек" деді.

Стармер Украинаны қолдау жоспарына көмек ағынын жалғастыру және Ресейге экономикалық санкцияларды сақтау кіретінін айтты. Оның айтуынша, кез-келген бейбіт келісім Украинаның егемендігі мен қауіпсіздігіне кепілдік беруі керек және ол келіссөздер арқылы жүргізілуі тиіс.

Ұлыбритания тарапы Еуропаның соның ішінде Ұлыбританияның Украинаға әскери көмек көрсетуді жалғастыратынын, бірақ бұл жоспардың АҚШ-тан қолдау күтетінін айтты.

Бұл ретте, келіссөздер әлі аяқталған жоқ. 6 наурыз, бейсенбіде Еуропалық Кеңестің арнайы отырысы жоспарланған, оған тағы да Зеленский Украинадағы жағдайды талқылауға шақырылды.

Бұған дейін Еурокомиссия басшысы Зеленскийді қолдап, Киевпен алда да жұмыс істейтіндерін айтқан болатын.

Ресей
АҚШ
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз