Дағыстанда 3 жасар қызын өлімші етіп сабаған жүкті әйел тұтқындалды

Фото: Zakon.kz
Үш жасар қызын өлімші етіп сабады, соның салдарынан бүлдіршін көз жұмды деген күдікпен Каспийск қаласының тұрғыны бір айға қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Дағыстанның жалпы юрисдикция соттарының біріктірілген баспасөз қызметі хабарлады.


"Тергеу мәліметінше, 2025 жылғы 20 наурызда күдікті қызының денесінің әртүрлі жерлеріне бірнеше рет қолымен соққы жасаған. Салдарынан бала комаға түсіп, есін жимастан бір айдан кейін медициналық мекемеде көз жұмған", – делінген хабарламада.

Әйелге РФ Қылмыстық кодексінің 111-бабы – денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, бұл абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу (4-бөлім) бойынша айып тағылды. Тергеу органдарының қамауға алу туралы өтініші қаралып, сот 21 мамырға дейін бір ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды.

Қылмыстық іс аясында сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, дәлелдемелерді бекітуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді