Иранда жойқын жарылыс болып, 400-ден астам адам зардап шекті

Сурет: X/GlobeWarReport
Бүгін, 26 сәуірде Иранның оңтүстігіндегі Бендер-Аббас портында болған жарылыстан зардап шеккендердің саны 406-ға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Иранның Fars агенттігінің хабарлауынша, порт қызметкерлері жарылыс болғанда оқиға орнында қанша адам болғанын айта алмаған, бірақ жарақат алушылар көп екеніне сенімді, тіпті арасында қаза тапқандар да болуы мүмкін.

БАҚ-тың хабарлауынша, жарылыс жанар-жағармай резервауарынан басталған өрттен болуы мүмкін. Fars мәліметтері бойынша, жарылыстың күшті болғаны соншалықты, тіпті Бендер-Аббас портынан кемінде 20 шақырым жерде орналасқан Парсы шығанағындағы Кешм аралындағылар да естіген. Жарылыс бірнеше шақырым радиустағы терезелерді де сындырған.

Иран ұлттық мұнай өнімдерін өндіру және тарату компаниясы жарылыстың мұнай инфрақұрылымына қатысы жоқ екенін хабарлады. МӨЗ және құбырлар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін 2025 жылдың 14 сәуірінде Шешенстанда жанар-жағармай цистернасы жарылып, бірнеше адам қаза тапқаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді