Зеленский өзінің барлық ресми әлеуметтік желідегі парақшаларында осы тақырыпта жазба жариялады. Украина көшбасшысы келіссөздер мүмкіндігі туралы жаңалықты жақсылыққа балап, алдан не күтетіні туралы ойларымен бөлісті.
Ол бүкіл әлем осындай сәтті ұзақ күткенін баса атап өтті. Оның айтуынша, кез-келген соғысты тоқтатудың алғашқы қадамы - атысты тоқтату.
"Ресей атысты тоқтататынын растайды деп үміттенеміз, ертең, 12 мамырдан бастап, толықтай, ұзаққа және сенімді түрде. Украина кездесуге дайын", – деп жазды Украина президенті желіде.
Бұған дейін Владимир Путин Украинаға 15 мамырда Ыстамбұлда "алдын-ала шарттарсыз" тікелей келіссөздерді қайта жаңғыртуды ұсынған болатын.
10 мамырда таңертең Франция президенті Эммануэль Макрон, поляк премьер-министрі Дональд Туск, Германия канцлері Фридрих Мерц және Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Киевке келді. Келіссөздерден кейін Украина СІМ мемлекет мен оның одақтастары 2025 жылдың 12 мамырында, яғни дүйсенбіден бастап кем дегенде 30 күн бойы құрлықтағы, әуедегі және теңіздегі атысты толықтай тоқтатуға дайын екендіктерін мәлімдеді.