Трамп Киевті Путиннің Түркиядағы келіссөздер туралы ұсынысына келісуге шақырды

Фото: flickr/White House
Дональд Трамп Украинаны Ресей басшысы Владимир Путиннің Түркияда келіссөздер жүргізу туралы ұсынысына келісуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Трамп 11 мамырда өзінің Truth social платформасындағы аккаунтында жазды.

"Президент Путин Украинамен атысты тоқтату туралы келісім жасасқысы келмейді, бірақ оның орнына бейсенбіде Түркияда кездесіп, осы қанды қақтығыстың аяқталуын талқылағысы келеді. Украина бұл келіссөздерге бірден келісуі керек. Кем дегенде, мәміленің мүмкіншілігі анықталады. Егер олай болмаса, еуропалық көшбасшылар мен АҚШ жағдай туралы нақты түсінікке ие болады және соған сәйкес әрекет ете алады", – деп жазды Трамп.

Бұған дейін Ердоғанның Ресей мен Украина келіссөздерін ұйымдастыруға дайын екенін айтқандығын жазған болатынбыз. 

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды