28 мамырда Жердің маңынан үш қауіпті астероид ұшып өтеді

Сурет: pexels
2025 жылғы 28 мамырда Жердің жанынан NASA тарапынан "ықтимал қауіпті" санатына жатқызылған үш астероид ұшып өтеді. Алайда, олар Жерге тікелей қауіп төндірмейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Interesting Engineering басылымының мәліметінше, АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы (NASA) бұл үш нысанның – 2025 KW (диаметрі 29,7 м), 2025 JR (79,5 м) және 2025 KU1 (20,2 м) – көпқабатты үймен шамалас көлемде екенін айтты.

Тағы екі астероид – 2025 KT1 және 2025 JP – Жердің жанынан 26 және 27 мамырда ұшып өткен. Біріншісінің диаметрі 12,8 м, ал екіншісінікі – 25,3 м.

NASA жіктемесі бойынша, Жерге 7,4 млн км қашықтықта жақындайтын астероидтар "ықтимал қауіпті" деп саналады. Бұл нысандар аса үлкен жылдамдықпен қозғалғанымен, олар Жерге нақты қауіп төндірмейді.

NASA телескоптары жыл сайын Жерге жақындап келе жатқан 3 мыңнан астам жаңа астероидты тіркейді. Олардың көпшілігі Жер атмосферасына кірген кезде жанып кетеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді