Ауғанстан астанасының 7 миллион тұрғыны қауіп алдында тұр

Сурет: pixabay
Mercy Corps халықаралық гуманитарлық ұйымы Кабулда ішуге жарамды су толықтай таусылуы мүмкін екені туралы баяндама жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian газетінің мәліметінше, соңғы 10 жылда Ауғанстан астанасының жерасты суының деңгейі 30 метрге төмендеген. Ғалымдар мұның себептері жедел урбанизация мен климаттың өзгеруін екенін айтып отыр.

Сарапшылардың пікірінше, егер бұл үрдіс жалғаса берсе, Кабул 2030 жылға қарай жерасты су көздерін толықтай сарқып бітіреді. Бұл 7 миллион тұрғын үшін үлкен қауіп төндіреді.

"Судың жоқтығы адамдарды өз қауымдастықтарынан кетуге мәжбүрлейді. Егер халықаралық қауымдастық Ауғанстанның қажеттіліктерін қанағаттандырмаса, бұл одан да көп миграция мен қиындықтарға әкеледі", – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, қазіргі судың сапасы да алаңдаушылық туғызады: жерасты көздерінің шамамен 80 пайызы кәріз қалдықтарымен, тұз және күшәламен ластанған, бұл суды тұтынуға жарамсыз етеді. Тұрғындар таза су сатып алуға табысының елеулі бөлігін жұмсауға мәжбүр – кейбір отбасылардың шығыны отбасы бюджетінің үштен бірін құрайды. Кейбірі коммуналдық төлемдер бойынша жиналған қарыздарға байланысты қаржылық қиындықтарға тап болып отыр.

Бұған дейін Трамптың Си Цзиньпинмен не туралы сөйлескенін жазған болатынбыз. 

Ауғанстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды