Калифорнияда отшашу сақталған қойма өртеніп, жойқын жарылыс болды

Сурет: pixabay
АҚШ-тың Калифорния штатында отшашу сақталған қойма өртке оранып, жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK ақпаратына сүйенсек, пиротехника заттары бірінен соң бірі жан-жаққа атылып, одан тұтанған от 32 гектар аумаққа жайылған.

Сол маңдағы Эспарто және Жарылыстың күшті болғаны соншалық, Мэдисон елді мекендерінің халқы бастапқыда жер сілкінді деп ойлаған. Кейбір үйдің терезесі сынып, екі мыңнан астам абонент электр жарығынсыз қалған.

Тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялап жатыр. Төтенше жағдай болған жерден шыққан қою қара түтін төрт шақырым қашықтан көрінеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, адам шығыны жоқ. Әзірге өрттің тұтану себебі де белгісіз. Бірақ округ шерифі қасақана от қою дерегін жоққа шығарып, өртті оқыс жағдай деп отыр.

Бұған дейін Данияда енді әйелдер де міндетті әскери қызметке шақырылатындығын жазғанбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды