Өзбекстанда ДАИШ-тың террористік өкілдігі әшкере болды

Сурет: pexels
Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі ДАИШ халықаралық террористік ұйымына кіретін "Вилаят Хорасан" ұяшығының болжамды мүшелерінің ұсталу сәтінде түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арнайы органдар ІІО-мен бірлесіп өткізген жедел іс-шаралар кезінде күдіктілерді Наманган қаласында ұстады.

"Топтың 16 мүшесінің тұрғын үй-жайларында тінту жүргізілді, заттай дәлелдемелер ретінде 37 мобильді байланыс құрылғысы, 51 дана діни кітап, 40 DVD-диск, төрт флэш-карта, сондай-ақ ноутбук пен планшет тәркіленді", делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, қылмысты ұйымдастырушы Telegram мессенджерінде барлығы 120-дан астам адамнан тұратын виртуалды арналар мен топтарды құрған. Онда экстремистік материалдар таратылған.

2022 жылы ұйым жетекшісі Ыстамбұлда "Худжра" діни тағлымдамадан өтіп, нәтижесінде оның көзқарасы айтарлықтай өзгерген.

Сондай-ақ, ұйым мүшелерінің бірі Наманган қаласындағы жеке университеттің құрылтайшысы екені де нақтыланады.

Құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша, қазіргі уақытта діни ұяшықты ұйымдастырушы және топтың үш белсенді қатысушысына қатысты қылмыстық істер қозғалды, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Топтың қалған мүшелеріне де қатысты тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Бұған дейін Санкт-Петербургте лаңкестік әрекетке көмектескен Қазақстан тумасы қамауға алынғаны белгілі

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті