Украина президенті Трамппен 18 тамызда Вашингтонда кездеспек

Сурет: t.me/V_Zelenskiy_official
Украина президенті Владимир Зеленский 2025 жылдың 18 тамызында Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Украина басшысы АҚШ президентімен сөйлескеннен кейін Telegram арнасында мәлімдеді. Ол Ресеймен арадағы атысты доғару жайын талқылауды жоспарлап отырғанын да атап өтті.

Зеленский Трамппен алдымен жекелей, содан кейін Еуропалық көшбасшылардың қатысуымен сөйлескенін жеткізді. Әңгіме 1,5 сағаттан астам уақытқа созылды. Трамп Зеленскийге Ресей президенті Владимир Путинмен Аляскадағы кездесуі және арадағы әңгіменің негізгі бөліктері туралы хабарлады.

"Украина бейбітшілік үшін барынша өнімді жұмыс істеуге дайын екенін тағы да растайды", - деп атап өтті Зеленский өз  жазбасында.

Сондай-ақ ол Трамптың Украина, АҚШ және Ресей Федерациясы басшыларының үшжақты саммитін өткізу туралы ұсынысын қолдағанын мәлімдеді. Ол келіссөздердің барлық кезеңдеріне еуропалық әріптестердің болуының маңыздылығын атап өтті.

Бұған дейін ресми Кремль осындай ықтимал кездесуге қатысты түсініктеме беріп, әзірге үшжақты келіссөздер жүргізу жоспарлары қарастырылмағанын айтқан.

Зеленский Владимир
Трамп Дональд

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Найзағай мен нөсер жаңбыр: қазақстандықтарға 8 қыркүйектегі қолайсыз ауа райы туралы ескертілді

Соболенко Рыбакинамен бірінші орын үшін таласқа қатысты пікір білдірді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Қазақстандықтардың басым бөлігі соңғы үш жылда өмір сүру жағдайының жақсарғанын байқаған – ҰТО зерттеуі