Сербиядағы наразылықтарда алты полиция қызметкері жарақат алды

Сурет: Х/TanjugNews
Сербияда 2025 жылғы 17 тамызға қараған түні болған тәртіпсіздіктер кезінде алты полиция қызметкері зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 56 азамат ұсталған.

"Олардың 16-сы қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген негізді күдікпен, ал тағы 35-і әкімшілік заңбұзушылық үшін ұсталды", - делінген Сербия ІІМ таратқан мәліметте.

Министрлік дерегінше, 27 адам Белградта, 29 адам Валевода қамауға алынған.

Жексенбіге қараған түні Валевода наразылар билеуші Сербия прогрессивті партиясының (СПП), серіктес партиялардың, қала әкімдігі, сот пен прокуратура кеңселеріне шабуыл жасаған. Тәртіпсіздіктерге алдыңғы күндері күштік құрылымдардың демонстранттарға қатыгездікпен қарағанын көрсететін видеолардың әлеуметтік желілерде таралуы түрткі болды.

Наразылық акциялары астана Белградтың Нови-Белград ауданында да өтті, онда полиция көз жасаурататын газ қолданған. Сондай-ақ Земун ауданында Сербия радикалды партиясы жетекшісі Воислав Шешельдің кеңсесіне шабуыл жасалды. Ол бұған дейін демонстранттарға қарсы жария түрде пікір білдірген. Шабуыл кезінде ғимараттың терезелері сындырылып, қабырғалары бояумен былғанды.

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Нови-Сад, Лесковац, Вране қалаларындағы акциялар кезінде де түрлі оқиға тіркелгені хабарланды. Ал президент Александр Вучич елде азаматтық соғысқа жол берілмейтінін мәлімдеп, сырттан қолдау болса да, ешкім мемлекеттің құзырынан күштірек емес екенін ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді