Ауғанстандағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 500 адамға жетті

Сурет: Х/CNBCTV18Live
Ауғанстанда бірнеше ауданда болған жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны өсіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елдің телерадиокорпорациясының (RTA) мәліметінше, қазіргі дерек бойынша жергілікті билік 500 адамның қаза тапқанын растады.

"Өткен түні Ватапур, Маноги, Чапа-Дара, Сауки және Нур-Гул аудандарында болған жер сілкінісінің салдарынан шамамен 500 ауған азаматы қаза тауып, тағы мыңға жуық адам жарақат алды", - делінген хабарламада.

Ресми құрбандардың саны нақтыланып жатыр. Үйінді астында әлі де адамдар бар, сондықтан олардың саны арта түсуі мүмкін.

Жер сілкінісінің магнитудасы орташа болғанымен, ошағы 10 шақырым тереңдікте болғандықтан аса жойқын сипат алды. АҚШ Геологиялық қызметінің сайтындағы деректерге сәйкес, дәл осы өңірде магнитудасы 4,3-тен 5,2-ге дейінгі бес афтершок тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрі Джелалабад қаласынан шамамен 42 шақырым қашықтықтағы таулы аумақта орналасқан. Бұл қалада 280 мыңға жуық халық тұрады. Бастапқыда тоғыз адамның қаза тапқаны хабарланған еді.

Ауғанстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз