Макрон 26 ел Украинаға әскер жіберуге дайын екенін мәлімдеді

Сурет: Instagram/emmanuelmacron
"Қалау білдірушілер коалицияның" шамамен 26 қатысушы елі Украина аумағына әскери контингент жіберуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

France 24 мәліметінше, бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон Парижде өткен коалиция отырысының қорытындысы бойынша өткізген баспасөз мәслихатында айтты.

"Расында, бүгінде 26 ел ресми түрде міндеттеме алды, тағы бірнеше ел өз ұстанымын қарастыруда, бірақ 26 ел Украинаға әскер орналастыруға келісім берді", – деді ол.

Бұл шаралар Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беру аясында қарастырылып отыр. Франция президентінің айтуынша, бітімгерлік күштер "құрлықта, теңізде және әуеде" әрекет ететін болады.

Қауіпсіздік кепілдіктерін қамтамасыз ету міндетін Еуропа мен Азиядағы "қалау білдірушілер коалиция" мүшелері өз мойнына алады. Президент қандай елдер нақты кепілдік беруге дайын екенін атап айтпады.

Оның сөзінше, бұл бастамаға қазірдің өзінде 35 ел қатысып жатыр.

"Алдағы күндері қауіпсіздік кепілдіктері аясында АҚШ-тың қолдауына қатысты мәселе шешімін табады", – деді Эммануэль Макрон.

Оның айтуынша, коалицияның барлық мүшелері – Еуропадағы, Азия мен Тынық мұхиты аймағындағы елдер, соның ішінде канадалықтар да – жауапкершілік алуға дайын екені келісімде көрсетілген.

Еуроодақ
Зеленский Владимир
Макрон Эммануэль

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды