Қытай тауларында әлемдегі ең биіктегі көпір ресми түрде ашылды

Сурет: x.com/BridgingNews_
Қытайда 625 метр биіктіктен көпір ашылды. Бұл көпір америкалық Сан-Францискодағы "Алтын қақпа" көпірінен де 9 есе жоғарыда орналасқан. Осылайша ол әлемдегі ең биіктегі көпірдің бірегейі атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Синьхуа" агенттігінің мәліметінше, Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында орналасқан әлемдегі ең биік көпір ашылып, көліктер ары-бері жүре бастады. Оның Хуацзян шатқалы арқылы жүріс уақытын екі сағаттан екі минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік беретіні де айтылады.

"Гуйчжоу таулы аймағындағы Бейпаньцзян өзенінен 625 метр биіктікте орналасқан көпір Сан-Францискодағы "Алтын қақпа" көпірінен де тоғыз есе жоғары. Жалпы ұзындығы 1 420 метр болатын ол таулы жерде салынған, темір бағандарға бекітілген әлемдегі ең үлкен аспалы көпірге айналып отыр", делінген хабарламада.

 Бұл көпірді салу кезінде желге төзімділік, биіктіктегі құрылыс саласында бірнеше технологиялық жетістіктерге қол жеткізілген.

"Аймақтық байланысты едәуір жақсартатын жаңа көпір - бұл Қытайдың инновациялық әлеуетін көрсететін маңызды жоба", - деді провинциялық көлік басқармасының басшысы Чжан Инь.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды