Әйел босану сәтін желіде тікелей эфирде көрсетті

Сурет: Х/fandybtw
World of Warcraft ойыны арқылы танымал болған интернет-стример Fandy желіде тікелей эфирде босанған алғашқы әйел атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның тікелей эфирін он мыңдаған адам тамашалаған, дегенмен оның бұл әрекеті көпшіліктің арасында қызу пікірталас тудырды.

Fandy 8 қазан күні әлеуметтік желіде (X, бұрынғы Twitter) былай деп жазды:

"Сәлем, твиттер! Суым кетті, демек, эфирге шығатын кез келді. Босанатын уақыт жетті".

Осы жазбадан кейін Twitch желісінде жарияланған эфир 85 мыңнан астам қаралым жинады, ал пікірлер саны жүздегенге жетті. Көптеген адам Fandy-ны ана атануымен құттықтаса, кейбір қолданушылар жаңа туған сәбиді қаралым үшін пайдаланды деп сынға алды.

"Бейшара сәби – әлі туылмаса да контент үшін "құрбан" болуда ", – деп жазды желідегі ағайынның бірі.

Босану процесі 8 сағаттан астам уақытқа созылды. Осылайша, оқиға желі қолданушылары арасында әртүрлі реакция тудырды – бірі ерлік десе, енді бірі шектен шыққан әрекет деп бағалады.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады