Мексикадағы табиғи апат: 130 адам қаза тапты немесе хабар-ошарсыз кетті

Сурет: видеодан алынды
Нөсер жаңбыр тоқтаусыз жауып, Мексикада жаппай су тасқыны болды. Табиғи апат салдарынан 64 адам қаза тапты, тағы 65 адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Australian Broadcasting Corporation мәліметінше, өткен аптада Парсы шығанағы жағалауы мен елдің орталық штаттарына қатты жаңбыр жауып, лай көшкіні мен су тасқыны болды.

"Біз нөсер жаңбыр осыншалықты қатты болады деп ойлаған жоқпыз", – деді.Мексика президенті Клаудия Шейнбаум.

Аймақтағы бес штат табиғи апаттан зардап шеккені белгілі, ең көп зардап шеккені – Веракрус (29 адам қаза тауып, 18 адам хабар-ошарсыз кетті) пен Идальго (21 адам қаза тауып, 43 адам хабар-ошарсыз кетті). Мехиконың шығысындағы Пуэблада 13 адам қайтыс болды, ал Керетарода көшкін салдарынан кішкентай бала көз жұмды.

Ауа райының қолайсыздығы 100 мыңға жуық үйді бүлдірді. Жаңбыр инфрақұрылымдарды, соның ішінде көпірлерді қиратып, көшелерді саз шалшыққа айналдырды. Елдімекендерге құтқару командалары мен 8700 әскери қызметші тартылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды