Пәкістанда пиротехникалық нысанда жарылыс болып, төрт адам қаза тапты

Сурет: pixabay
Пәкістанның оңтүстігінде пиротехникалық заттар жасап шығаратын зауытта болған жарылыс салдарынан төрт адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан жаңажылдық отшашулар шығаратын Синд провинциясындағы Хайдарабад қаласында талқандалған ғимараттан шыққан қалың қара түтінді көруге болады.

Қалалық полиция бастығы Адиль Чандио құтқарушылар қаза тапқандар мен зардап шеккендерді ауруханаға жеткізгенін мәлімдеді, деп жазады ABC.

Жарылыстың неден туындағаны әлі белгісіз, - дейді Чандио. Синд үкіметі тергеу зауыттың отшашу шығаруға рұқсаты бар-жоғын және қауіпсіздік шараларын сақтаған-сақтамағанын анықтайтынын хабарлады. 

Пәкістанда пиротехникалық нысандарда жарылыс жиі болып тұрады. Тамыз айында оңтүстіктегі портты қала - Карачиде пиротехникалық қоймадағы жарылыс салдарынан бес адам қаза тапқан.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы