Ресейден "жеңілдікпен қызыл уылдырық": желіде теңіз өнімдеріне қатысты алаяқтық көбейді

Сурет: pixabay
РФ Мемлекеттік думасының өнеркәсіп және сауда комитетінің мүшесі Игорь Антропенко жаңа жыл қарсаңында алаяқтар қызыл уылдырық пен теңіз өнімдерін сататын жалған интернет-дүкендерді жаппай құрып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости жазғандай, онлайн сатып алудың кең таралуы алаяқтарға тартымды суреттермен безендірілген, шынайы дүкенге ұқсайтын сайттар жасауға мүмкіндік береді. Әсіресе үлкен жеңілдіктермен сатылатыны қауіпті.

"Интернеттің дамуын ескерсек, қазіргі кезде алаяқтарға тартымды суреттермен толтырылған фишингтік сайт пен оған арналған әлеуметтік желі парақшаларын жасау еш қиын емес", – деп ескертті Антропенко.

Депутат өнімдерді тек тексерілген сайттардан және танымал маркетплейстерден сатып алуды ұсынады. Белгісіз дүкендерден сатып алғанда тауарды алмағанша алдын ала төлем жасамау және банк картасының деректерін енгізбеу қажет. Сондай-ақ, уылдырықты "салмақпен" сатып алғанда сақтау шарттарының бұзылуы мүмкін екенін ескеріп, өте мұқият болған жөн.

Бұған дейін Қостанай тұрғыны сазды заңсыз сатқаны үшін сот алдында жауап беретіндігін жазғанбыз.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі