Тарихта алғаш рет астронавт денсаулығына байланысты орбитадан эвакуацияланады

Сурет: pexels
NASA халықаралық ғарыш стансасынан Crew-11 экипажын бір астронавттың денсаулығына байланысты Жерге қайтарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Fox News басылымының жазуынша, бұл станцияның 25 жылдық тарихында денсаулық мәселесіне байланысты миссия уақытынан бұрын тоқтатылған алғашқы оқиға. NASA мәліметінше, экипаждағы төрт адамнан біреуі станцияда медициналық қиындыққа тап болған. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты.

Медициналық кеңесшілердің пікірі бойынша NASA басшысы экипажға мүмкіндігінше тезірек Жерге оралуға нұсқау берді. Алдын ала жоспар бойынша олар 15 қаңтарда Жерге қонады.

SpaceX Dragon Endeavour ғарыш кемесі Crew-11 экипажын жақын күндері Жерге жеткізеді. Экипаж тамыз айында МКС-қа келген және онда алтыдан сегіз айға дейін болу жоспарланған еді.

Экипаж құрамында командир Зена Кардман, ұшқыш Майк Финке, Жапондық ғарыш агенттігінің астронавты Кимия Юи және ресейлік ғарышкер Олег Платонов бар.

Ғарыш тарихы жөніндегі маман және NASA сарапшысы Род Пайлдың айтуынша, бұл шешім АҚШ-тың адамзатты ғарышқа ұшыру тарихында алғашқы тарихи оқиға болып саналады.

Бұған дейін Ұлыбритания Украинаға "Мәскеуге дейін жете алатын" баллистикалық зымырандар тапсыратындығын жазғанбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі