Акула серфингпен айналысып жүрген спортшыға шабуыл жасады

Сурет: pexels
22 ақпанда Австралия маңындағы шығанақтардың бірінде қайғылы оқиға болды. Желкенді серфингпен айналысып жүрген 55 жастағы дәрігер акула шабуылына тап болып, қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

PEOPLE басылымының мәліметінше, Жаңа Каледониядағы акулалар шабуылының алдын алу ұйымы зардап шеккен адамның аяқ-қолынан ауыр жарақат алғанын растады.

Бұл – жыл басынан бері тіркелген екінші өлімге әкелген акула шабуылы.

Билік өкілдерінің айтуынша, жағалау бойында күзетілетін шомылу аймақтарынан тыс жерде теңізге түсуге және су спорты түрлерімен айналысуға жағалау сызығынан 300 метрге дейінгі аумақта 4 наурызға дейін муниципалдық қаулыға сәйкес тыйым салынған.

Зардап шеккен азамат мінген тақтаның артқы бөлігінен "тіс іздері" табылған.

Қазіргі уақытта нақты қай акула түрі шабуыл жасағанын анықтау үшін арнайы маманның көмегі сұратылды.

Бұған дейін Антарктика мұхитының түбінен акула байқалғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды