McDonald's Рамазан айында Германиядағы билбордтардан тағам бейнесін уақытша алып тастады

Сурет: MarketingMind
Германия аумағында McDonald's компаниясы Рамазан айында жарнамалық билбордтардағы тағам суреттерін күндіз көрсетпей, тек күн батқаннан кейін ғана жариялап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Newsweek басылымының жазуынша, жаңа сыртқы жарнама науқаны аясында цифрлық билбордтар күннің қозғалысына сәйкестендіріліп бапталған. Соның нәтижесінде тағам бейнелері тек ауызашар уақыты басталған соң ғана экранда пайда болады. Бұл бастама ораза ұстап жүрген мұсылмандар тарапынан жағымды пікір тудырды.

Күндізгі уақытта цифрлық жарнамалық экрандарда брендтің қаптамалары бос немесе жабық күйде көрсетіледі. Ал күн батқан сәтте сол қаптамаларда тамақ бейнесі шығады. Яғни, мұсылмандар ауыз ашатын мезетте жарнамадағы тағам бейнесі де қатар пайда болады.

Әлеуметтік желілерде бұл билбордтардың таңертеңгі және кешкі уақыттағы көрінісі жарияланған.

Сурет: Х/MediaCat

"Аталған технологияны немістің Scholz & Friends жарнама агенттігі әзірлеген. Тұжырымдаманың негізінде – Рамазан айында ораза ұстайтын жандарға құрмет білдіру мақсатында McDonald's брендіне тән ең танымал визуалды элемент – тағам бейнесін уақытша алып тастау идеясы жатыр",- делінген ақпаратта.

Басылым мәліметінше, Германияда жыл сайын Рамазан айын шамамен алты миллионға жуық мұсылман атап өтеді.

Германия
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі