Иранның Жоғарғы көшбасшысы қаза тапты

Сурет: wikimedia
Иранның мемлекеттік телеарнасының мәліметінше, елдің Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи Израиль мен АҚШ-тың шабуылдары салдарынан қаза тапқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, мәлімдемеде былай делінген:

"Ұлы Иран халқы, Иранның Жоғарғы көшбасшысы имам Хаменеи қаза тапты".

IRNA агенттігінің мәліметінше, Иран билігі қаза тапқан Жоғарғы көшбасшы Әли Хаменейге байланысты ел бойынша 40 күндік аза тұту жариялады. Сондай-ақ, алдағы 7 күн қаралы күндер деп жарияланып, жұмыс күндері емес деп белгіленді.

Иран президенті кеңсесі Жоғарғы көшбасшының қазасы жауапсыз қалмайтынын мәлімдеді.

БАҚ деректеріне сәйкес, Әли Хаменеи қаза тапқан сәтте жұмыс орнында болған. Ол Иранды 36 жыл бойы басқарған.

Бұған дейін кейбір БАҚ израильдік шенеуніктерге сілтеме жасап, Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қаза тапты деп мәлімдеген еді. Сондай-ақ соққылар салдарынан Жоғарғы көшбасшының резиденциясы қирағаны хабарланған. Алайда сол кезде Иран тарапы бұл ақпаратты растаған жоқ.

АҚШ пен Израильдің шабуылдары салдарынан Иранда 200-ден астам адам қаза тапқан.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

25 жыл түрмеде отырған қауіпті қылмыскер қайтадан күдікке ілікті

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

14 шілдеде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Рыбакина Уимблдоннан кейін WTA рейтингінде қай орынға тұрақтады

18 шілдеден бастап тауарлар мен қызметтерге берілетін тұтынушылық несиелерді рәсімдеу тәртібі өзгереді