Блокада және қоқан-лоққы: Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады

Фото: flickr/Gage Skidmore
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның әскери-теңіз күштері жойылды деп мәлімдеді, толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Ол өз мәлімдемесін Truth Social әлеуметтік желісінде жариялап, жаңа соққы жасауға дайын екенін ескертті.

"Иранның әскери-теңіз флоты теңіз түбінде жатыр, толық жойылған – 158 кеме. Біз олардың аз ғана санын құрайтын, "жылдам шабуыл жасайтын катерлеріне" соққы жасаған жоқпыз, өйткені оларды аса қауіпті деп есептемедік. Ескерту: егер осы кемелердің кез келгені біздің блокадаға жақындаса, олар теңіздегі есірткі тасымалдаушыларға қарсы қолданатын сол жүйемен бірден жойылады. Бұл тез әрі қатал болады. P.S. АҚШ-қа мұхит немесе теңіз арқылы жеткізілетін есірткінің 98,2%-ы тоқтатылды! Бұл мәселеге назар аударғандарыңызға рахмет", – деп жазды Трамп.

Бұған дейін Италияда танымал UFC спортшысын тонап кеткендігін жазғанбыз.

АҚШ
Трамп Дональд

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады