Еуропада бір аптада ыстықтан 1300 адам көз жұмды

Фото: pixabay
Еуропада аптап ыстықтан кейінгі 1 аптада 1300-ден астам адам көз жұмды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"24kz"дерегіне сүйенсек, құрбандардың көбі – Франция азаматтары. Ең үлкен өлім-жітім деңгейі жасы 65-тен асқан қарттар арасында кездеседі. Сарапшылардың айтуынша, "кәрі құрлықтағы" температура әлемдік орташа көрсеткіштен екі есе артық.

Сонымен қатар көптеген елдің инфрақұрылымы мұндай сынаққа дайын болмай шықты. Энергия жүйесінің үлкен жүктемеге шамасы жетпей жатыр.

Айта кетейік, Еуропада айрықша ыстық маусым айының ортасында басталды. Франция, Ұлыбритания, Нидерланд пен Италияда күн райына қатысты қауіп-қатердің ең жоғары "қызыл" деңгейі жарияланған.

Бұған дейін 30 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауатындығын жазғанбыз.

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді