Нетаньяху Нью-Йоркте ұсталуы мүмкін: қала мэрі мәлімдеме жасады

Сурет: wikipedia/Зохран Мамдани/Биньямин Нетаньяху
Нью-Йорк мэрі Зохран Мамдани Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке келсе, оны ұстау мүмкіндігі қарастырылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

The New York Times басылымына берген сұхбатында Мамдани Нетаньяхудың "Гаагада болуы керек" екенін айтты. Ол Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрін кейінгі жылдардағы оқиғаларға байланысты әскери қылмыстар жасады деген күдікпен тұтқындауға ордер бергенін еске салды.

Сонымен қатар Нью-Йорк мэрі шетел мемлекеті үкіметінің басшысын ұстау туралы қала полициясына тапсырма беруге өзінің заңды өкілеті бар-жоғын әзірше білмейтінін жеткізді. Оның айтуынша, бұл мәселе қазір қаланың заң департаментімен талқыланып жатыр.

"Біз тек заң аясында әрекет етеміз. Егер қолданыстағы заңдар Нью-Йоркте мұндай әрекет жасауға мүмкіндік берсе, біз соған сәйкес қимылдаймыз. Бірақ өзіміз заң ойлап таппаймыз", – деді Зохран Мамдани.

Мамдани бұған дейін, Нью-Йорк мэрі қызметіне сайлауалды науқаны кезінде де, егер сайланса, Нетаньяху қалаға келетін болса оны ұстауға пәрмен беретінін айтқан болатын. Енді ол түпкілікті шешім қалалық биліктің өкілеттігіне қатысты заңгерлердің қорытындысына байланысты қабылданатынын нақтылады.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады