АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Нью-Йорк мэрінің Нетаньяхуды қамауға алу туралы мәлімдемесін жоққа шығарды

Сурет: gpophoto.gov.il
АҚШ-тың БҰҰ жанындағы елшісі Майк Уолц Нью-Йорк мэрі Зохран Мамданидің Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды қыркүйекте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясы кезінде тұтқындау туралы мәлімдемесін "таза саяси театр" деп атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Уолцтың айтуынша, АҚШ Халықаралық қылмыстық соттың юрисдикциясын мойындамайды. Сонымен қатар ол БҰҰ штаб-пәтері туралы келісім мен дипломатиялық иммунитет қағидалары ұйымның іс-шараларына қатысу үшін келетін үкімет басшыларын қорғайтынын атап өтті. Оның сөзінше, федералдық заңнама жергілікті билік органдарының шешімдерінен басым, деп жазды New York Post.

Өз кезегінде Израильдің БҰҰ жанындағы елшісі Дэнни Данон Мамданидің мәлімдемесін сынға алып, Нью-Йорк мэрі сыртқы саясатпен емес, қаладағы өзекті мәселелермен айналысуы тиіс екенін айтты. Оның сөзінше, Биньямин Нетаньяху БҰҰ Бас Ассамблеясына келіп, сөз сөйлейді.

Нью-Йорктағы Еврейлердің қоғамдық байланыстар кеңесінің (JCRC-NY) басшысы Марк Трейгер де қала тұрғындары мэрді халықаралық саясатқа араласуы үшін емес, жергілікті мәселелерді шешуі үшін сайлағанын айтты. Оның пікірінше, қала әкімшілігі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, тұрғындар үшін өмір сүрудің қолжетімділігін арттыруға және муниципалдық қызметкерлерді қолдауға басымдық беруі қажет.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Аптап ыстық қайта оралады". Алматы бойынша алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан бүгін 12 алтын, 7 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды

Тұрғын үйге мұқтаж қазақстандықтар мен қандастарды есепке қою қағидалары жаңартылды