Алдағы қыста Украинаның жағдайы қандай болмақ - Германиялық БАҚ болжам жасап көрді

Сурет: magnific
Германиялық БАҚ алдағы қыста Ресей мен Украина майданындағы жағдайдың қалай өрбуі мүмкін екенін болжап көрді. Олар осы қыста Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі Ресейдің зымырандық соққыларына төтеп бере алмайтынын айтуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости басылымының жазуынша, Украинада зымырандар тапшылығы күшейіп келеді. Олар өте жылдам жұмсалып жатыр, ал Еуропа олардың орнын толтырып үлгермей отыр. Осыған байланысты Украина зымырандық соққылар алдында қорғансыз қалуы мүмкін.

Материал авторлары болжам расталған жағдайда Украинаның еуропалық одақтастары да оған қажетті деңгейде көмек көрсете алмайтынын атап өткен.

Ақпарға сүйенсек, америкалық қару-жарақ өнеркәсібі өндіріс көлемін 2028 жылға дейін арттыра алмайтынын мәлімдеп отыр. Ал Еуропадағы одақтастар өздерінің соңғы қорларын Украинаға беруге дайын емес. Ресейдің зымырандық соққылары жалғасатын болса, осы факторлардың барлығы Украинаның әуе қорғаныс жүйесін қыс бойы әлсіз күйде қалдыруы мүмкін.

Бұған дейін Зеленский Украинаға зымыран жеткізудің күрт қысқаруы немен байланысты екенін айтып берген болатын.

Германия
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын қашан жариялайтынын айтты

21 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

2027 жылдан бастап АӘК беру мөлшері мен шарттары бекітілді

"Қыстың жақындағаны сезіледі": Қазақстанда ауа температурасы -10°C-қа дейін төмендейді

Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан ұшақ әуежайға оралды