Гаражда қолдан жасалған алкоголь ішкен екі ер адам қайтыс болды

Фото: pexels
Ресейдің Тыва Республикасында қолдан жасалған алкоголь ішудің соңы қайғылы жағдайға ұласты. Екі адам оқиға орнында қайтыс болып, тағы екі ер адам ауыр жағдайда шұғыл ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Baza Telegram-арнасының мәліметінше, зардап шеккендер – 65 жастағы Николай мен 60 жастағы Хужер. Ер адамдардың жағдайы күрт нашарлағаннан кейін олар Қызыл қаласындағы ауруханаға жеткізілген.

"Алдыңғы күні кешке ер адамдар гаражда алкоголь ішкен. Келесі күні олардың жағдайы нашарлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, олар самогон ішкен", – делінген хабарламада.

Ал отырысқа қатысқан тағы екі адам үшін қолдан жасалған алкогольді ішу өліммен аяқталды. Олар жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.

Оқиға болған Чырғақы ауылына тергеу тобы жіберілді.

Құқық қорғау органдары болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтап, адам өліміне себеп болған жасанды алкогольдің нақты қайдан алынғанын тексеріп жатыр.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты