Жергілікті Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, маймыл шешегін жұқтырған – 29 жастағы ер адам. Оның денесіне бөртпе шығып, дене қызуы көтеріліп, лимфа түйіндері ұлғайған. Медициналық талдау маймыл шешегі вирусын жұқтыру фактісін растады, пациенттің жағдайы тұрақты.
Эпидемиологиялық зерттеу деректері бойынша, тамыз айынан бері ауырған 21 адам қауіпті жыныстық қатынаста болған. Көпшілігі вакцина алмаған. Пациенттердің жартысынан көбі соңғы айларда серіктестерімен интернет арқылы танысқан, ал кейбіреулері дертті жұқтырғаннан кейін олармен байланыса алмаған, бұл аурудың таралу деңгейін қадағалауды қиындатып отыр.
Гонконгта 2022 жылдан бері барлығы 114 жағдай, соның ішінде 2026 жылдың басынан бері 30 жағдай тіркелгені нақтыланады. Билік қауіптілігі жоғары топтағы адамдарды екпе жасауға және қауіпті байланыстардан аулақ болуға шақырады.
Бұған дейін Иркусткідегі обаға қарсы институт қызметкерінің өліміне қатысты Кремль, Роспотребнадзор, ДДҰ мәлімдеме жасаған болатын.