Трамптың жаңа елшісінің сырт келбеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті

Сурет: X/Assistant Secretary Riley Barnes
АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Барбера Торнхиллді Мемлекеттік департаменттің адам саудасына қарсы күрес және осы саладағы мониторинг жөніндегі арнайы тапсырмалар бойынша елшісі етіп тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az басылымының хабарлауынша, бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысының демократия, адам құқықтары және еңбек мәселелері жөніндегі көмекшісі Райли Барнс X әлеуметтік желісінде жазған.

Жаңа қызметінде Торнхилл адам саудасының алдын алу, зардап шеккендерді қорғау және кінәлілерді жауапқа тарту жөніндегі халықаралық күш-жігерді үйлестіреді. Сондай-ақ оның міндетіне басқа елдердің осы бағыттағы саясатын бағалау, шетелдік серіктестермен және тиісті мекемелермен ынтымақтастықты дамыту кіреді.

Ақ үй жариялаған фотосуреттерде Торнхилл көк түсті киім мен інжу алқа тағып түскен. Оның шашы сәл ретсіз, ернінде табиғи реңкті далап болған.

Мемлекеттік қызметкердің сырт келбеті желі қолданушыларының назарын аударып, олар жазбаның астына түрлі пікір қалдырған:

Бұған дейін Түркия өкілі әлемдегі ең сымбатты ер адам деп танылғаны хабарланған болатын.

АҚШ
Трамп Дональд

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін