BNO News жергілікті төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап хабарлағандай, зардап шеккендердің 11-і ауыр, ал 21-і жеңіл жарақат алған. Барлығы 339 үй қираған.
Құтқарушылар үйінділер астында аман қалған адамдарды іздестіріп, зардап шеккендерге көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Билік өкілдері қирау ауқымын бағалауда.
Айта кетейік, Үнді және Еуразия тектоникалық плиталарының соқтығысуына байланысты бұл өңірде сейсмикалық белсенділік жоғары. Осы геологиялық үдерістер Гималай тауларының қалыптасуына және Тибет қыратының көтерілуіне ықпал етеді.
Бұған дейін Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сицзан автономиялық ауданында, Нагчу қаласына қарасты Бакэн уезінде магнитудасы 7,0 болатын жер сілкінісі болғаны хабарланған еді.