Енді Instagram парақшаға ақылы жазылуға болады

Сурет: pixabay.com
Meta компаниясы Instagram-да ақылы жазылу мүмкіндігін іске қосады, деп хабарлайды Zakon.kz

Ақылы жазылу авторларға өз контентін монетизациялауға, яғни жүйелеу арқылы ақша табуға көмектеседі. Бұл туралы әлеуметтік желінің директоры Адам Моссери айтты, деп хабарлайды РИА новости.

Белгілі бір парақшаға жазылған адам сол жерден эксклюзив хабарламалар мен оқиғаларды көре алады. Оның үстіне сол эксклюзив контент арнайы белгімен көрсетіліп тұрады.

Сонымен қатар автор Instagram-дағы оқырманының профиль атауы жанында "ақылы жазылған" белгішесін көреді.

Мұндай мүмкіндік АҚШ-та сынақтан өтіп жатыр. Келер айларда сынақ тобына көбірек авторлар қосылады.Әлеуметтік желінің басшысы

Instagram – фотолар мен бейнелерді түсіріп, өңдеп, оларды таратуға мүмкіндік беретін әлеуметтік желі. Бүгінде Instagram Meta компаниясына тиесілі. Жақында желіде stoties функциясына сілтеме қою мүмкіндігі пайда болған еді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін