Google Play-ден қауіпті вирус табылды

Сурет: pixabay
Google Play платформасында Xenomorph атты қауіпті вирус табылды. Бұл туралы ThreatFabric ақпараттық қауіпсіздік компаниясының ресми блогы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

mir24.tv сайтының жазуынша, Xenomorph қазірдің өзінде 50 000-нан астам электронды құрылғыны зақымдап үлгерген.

Мамандардың айтуынша, бұл вирус гаджетке еніп, қаржылық деректерге қол жеткізуге, гаджет иесінің шоттарын бақылауға және рұқсат етілмеген транзакцияларды жасауға тырысады. Вирус операторлары жиналған барлық ақпаратты мүдделі тұлғаларға сатады.

Xenomorph сонымен қатар SMS хабарламаларын бұғаттап, басқа мобильді қолданбалардың терезелерін блоктай алады және пайдаланушы әрекеті туралы ақпаратты жинайтын көрінеді.

Сарапшылар атап өткендей, Xenomorph коды басқа банктік код – Alien торянына ұқсас. Бұл екі вирусты да бір адамның әзірлегенін білдіруі мүмкін.

АҚШ
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз