«Деректерді ұрлайды»: Қазнетте Ashyq туралы фейк тарап жатыр

Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде тағы бір фейк тарап жатыр. Бұл жолы желіде Ashyq бағдарламасы қазақстандықтардың деректерін басқа тұлғаларға жеткізетіні туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz

Ақпаратты таратушы Ashyq пайдалану қауіпсіз емес екенін айтып отыр. Оның мәліметінше, бағдарлама Сейшель аралдарында тіркелген және қазақстандықтардың жеке дерегін үшінші тұлғаларға жіберіп отырады деген болжам бар.

Бұл ақпаратты «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жоққа шығарды.

Ashyq ақпараттық қауіпсіздіктің барлық бірыңғай талаптарына жауап беретін және Қазақстанда тіркелген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен қорғалған серверлерде орналасқан, деп хабарлады компания.

Сонымен қатар компаниядағылар қосымшаның функционалдығы жеке деректерді сақтау мүмкіндігіне, әсіресе деректерді үшінші тұлғаларға беру мүмкіндігіне жол бермейтінін айтты.

Ashyq бағдарламасы тек азамат мәртебесін көрсетеді. QR кодын сканерлеу кезінде Ashyq автоматты түрде Денсаулық сақтау министрлігінің деректер базасына адамның мәртебесін анықтау үшін сұрау жібереді. QR кодын сканерлеу кезінде одан басқа әрекеттер орындалмайды. Ashyq жеке деректерді сақтамайды әрі жинақтамайды, – деп қорытындылады компания.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін