Илон Маск Twitter-дегі барлық аккаунт блоктан шығарылатынын хабарлады

Сурет: unsplash
Илон Маск бұғатталған Twitter аккаунттары келесі аптада қалпына келтірілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желінің иесі Илон Маск Twitter-дегі парақшасында "жалпы рақымшылық" енгізу туралы бөлісті.

Бұған дейін Маск заңды бұзған және спам жіберген аккаунттарды қоспағанда, жалпы рақымшылық қолдану-қолданбау туралы сауалнама жүргізген еді. Сауалнамаға жауап берушінің 72%-ы "керек" деп дауыс берді.

"Халық таңдады. Рақымшылық келесі аптада басталады", - деп жазды Маск Twitter-де.

Бұған дейін Маск Twitter желісіндегі барлық қолданушыға ескерту жасаған еді. Басқа бір есіммен отыратын барлық пайдаланушыға біржола тыйым салынады. Егер бұрын Twitter есептік жазбаны бұғаттау алдында ескертулер берген болса, енді "ескертулер болмайды".

Еске салайық, Илон Маск Twitter-ді қазан айының соңында басқарды. Мәміле құны - 44 миллиард доллар.

АҚШ
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды