Алаяқтар халықты блогердің атын жамылып алдауға кіріскен

Сурет: pixabay
Әлеуметтік желілердің бірінде белгілі вайнер Тоқтарбек Серғазы қазақстандықтарды белгілі бір топқа кіріп, "ақша табуға" шақырған видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Stopfake.kz Telegram арнасы вайнердің сөзіне сілтеме жасап, бұл ақпарат жалғанын екенін жазды.

"Менің қатысуыммен фейк аккаунттарда ұсынылған кез келген ақпарат – алаяқтардың ісі. Шынайы ақпарат, белгісі бар осы парақшада ғана (@sekavines)" – деп жазды Тоқтарбек Серғазының өзі Instagram парақшасында.

Алаяқтар роликті жасау үшін дипфейк технологиясын қолданған болуы мүмкін. Ол жоқ адамның шынайы видео портретін "жасауға" да, бір адамның видеода бір адамды басқамен алмастыруға да мүмкіндік береді.

"Оңай ақша табу үшін күмәнді топтарға қосылуға шақыруларға сенуге болмайды. Мұндай жарнамалар көбінесе алаяқтық сипатқа ие. Қазіргі кезде таратылып жатқан видео белгілі тұлғаның бет-әлпетін қолдана отырып қолдан жасалған", деп жазды stopfake.kz редакциясы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты