Instagram әлеуметтік желісінде жаңа функция пайда болды

Сурет: pexels
Америкалық медиамагнат, интернет-кәсіпкер және филантроп Марк Цукерберг Instagram-да жаңа функция пайда болғанын мәлімдеі. Оның айтуынша, танымал әлеуметтік желіде фото және видео бөлісетін арналар құруға болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жаңалықты Facebook, WhatsApp, Instagram желілеріне иелік ететін Meta компаниясының бас директоры әлеуметтік желі арқылы мәлім етті.


Марк Цукерберг желі қолданушыларын Meta Channel-ға қосылуға шақырды, онда ол компания өнімдері туралы жаңалықтар хабарлап тұратынын айтты.

"Біз Instagram арналарын – тарату ауқымы кең чаттар енгізіп жатырмыз. Мен бұл арнаны Meta-да жасайтын барлық өнім мен технологиялар туралы жаңалықтарды бөлісу үшін іске қосып отырмын. Мұнда мен Meta өнімдері туралы жаңалықтарды бірінші болып жариялап отырамын", – деді Марк Цукерберг.

Цукербергтің айтуынша, арналар мәтіндік хабарламаларды, суреттерді, сауалнамаларды, реакцияларды қолдайды және жақын арада арна әкімшілерінің қонақтармен қатар байланысқа шығу функциясы іске қосылады.

"Алдағы айларда біз Messenger мен Facebook-ке де арналар қосамыз". Марк Цукерберг

Ол жаңа мүмкіндік өз арнасын ашқысы келетін адамдар арасында жоғары сұраныста болатынын атап өтті.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме