Латын әліпбиі деп босқа бақырдық, ә?

zakon.kz
Латын әліпбиі деген баяғы бөскен әңгімелеріміз сап тыйылып қалыпты.

Қазақстанның Тәуелсіздігі 30-32 жылмен тәмам болса не дейсіз? Соңғы жаңалықтар өзі соны меңзейтіндей көрінеді.

Ресейдің АЭС-і бар, электрондық үкіметімізді жасап беретін "Сбері" бар, "қазақ жастары орыс тілін білуі керек" дейтін еліміздің басшылығы бар. Ресеймен бірге біз де озық батыстан, дамыған Еуропадан алыстап барамыз. Іргемізді олардан аулақ сала бастадық. Басшыларымыздың баратын жері Ауғанстан, Тәжікстан, Түрікменстан болды, деп жазыпты Жас Алаш газеті.

Айтпақшы, латын әліпбиі деп ұрандатып, "латынға көшеміз бе, көшпейміз бе" деп бір қырқысып, "анау әріптен мынау дұрыс" деп қызылкеңірдек боп айтысып едік қой. Бәрі бекер болған екен. Құшағына қысып, Қазақстанды өз уысына қарай суырып жатқан Ресей батыстың әріптерінен тұратын қазақтың жаңа әліпбиіне жол бере қоймас. Содан болар, латын әліпбиі деген баяғы бөскен әңгімелеріміз сап тыйылып қалыпты. Босқа бақырдық. Латын әліпбиін талқылайтын отырыстар мен сансыз кеңестерге кеткен қайран ақша-ай...

Біз деген бекершілікпен тым көп айналысамыз. Ақыры – мынау. Тіл мен әліпбиің түгіл, еліңнің еркіндігі қыл үстіне келді...

Қазақстанды енді не құтқарады? Ресейдегі төңкеріс, Путиннің кенеттен дүние салуы ғана құтқаратын шығар, делінеді мақалада.
Ресей
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Назарбаев Нұрсұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы